Бейонсе Үндістандағы ең бай адамның алдында өнерін паш етті (фото, видео)

Источник: nur.kz

37 жастағы Бейонсе Үндістанның ең ауқатты кәсіпкері Мукеш Амбанидің қуанышында өнер көрсетті. Жалғыз қызының некелесу шарасына қамқор әке, әдетте тойларда ән салудан бас тартатын жұлдызды шақырып, көпшілікті таңғалдырған деп жазады spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үндістанда танымал бизнесменнің қызы, 27 жастағы Иша Амбани 33 жастағы үнді магнаты Ананд Пирамға тұрмысқа шықты. Мерекелік шара аса үлкен зәулім сарайларда өктен. Меймандардың айтуынша, "үнді ханшайымының" некелесуі ертегіге ұқсас болған.

Мукеш Амбани қызының думанды тойында жұлдызды қонақтар да бой көрсетті. Олардың қатарында жақында ғана отбасын құрған Приянка Чопра мен Ник Джонас, танымал саясаткер Хилари Клинтон, Айшвария Рай, Шакрух Кхан және кештің бас жұлдызы Бейонсе болған.

Әлемге әйгілі әнші Үндістанның ең бай кәсіпкерінің арнайы шақыртуымен келіп, думанды тойда өнер көрсетті. Айта кетерлігі, Бейонсе мерекелік шараға сақадай сай дайындалып барған. Жергілікті дизайнер танымал әншіге арнайы үнді ұлттық киімін тігіп берген. Ал оның стилистері жұлдыздың образын қымбат әшекейлермен толықтырып берді.

Әдетте тойларда ән шырқаудан бас тартатын Бейонсе бұл жолы ең бай үнді кәсіпкерінің өтінішін жерге қалдырмаса керек. Америкалық жұлдыз өнер көрсеткен дүбірлі той кезіндегі видеожазбалар желіге тарап кеткен.

Добавить комментарий