«Жел шығарып қойдым»: Мистерионс тобының әншісі жұбайымен қалай танысқанын айтты

Источник: nur.kz

"Мистерионс" тобының әншісі Дильен өз жұбайымен қалай танысқанын айтып берді. Әнші бұл туралы өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Талай арудың жүрегін жаулаған әнші Дильен өз махаббатымен таныстығы қалай басталғанын және жанұялы өмірде қандай қиындыққа кезіккенін айтып берді.

"Мистерионс" тобының мүшесі әлеуметтік желіде танысуды жақтап та, даттап та жүрген екен. Ол нағыз қарым-қатынастар өмірде сөйлесу арқылы болады деп ойласа, екінші жағынан ғаламтор уақытты үнемдеп, іздеу аясын кеңейтуі мүмкін деп есептепті. Алайда Дильен өмірлік серігін әлеуметтік желіден табамын деп ойламаса керек.

"Үйленгенге дейін біз бейнеқоңырауды есептемегенде үш-ақ рет кездестік. Бірақ бұл әдейі болған жоқ. Ал бір-біріміз туралы уақыт өте ғана біле бастадық. Жұбайым менен бес жасқа кіші. Сондықтан, маған "сіз" деп сөйлейді", — деп жазған әнші.

Одан бөлек, Дильен отбасылы өмірдегі қызықты әрі қиын сәттерімен де бөліскен.

"Мен бір жыл бойы өзіме ұқсамай, тіпті, жел шығара алмай жүрдім. Ал кейіннен бір күні өзім жел шығарғанда екеуміз қатты күлдік. Бұл бізді қатты жақындатып жіберді. Қазір ол маған "Сіз үнемі жел шығарасыз, сол үшін мен "Таза ауаны" қадірлеп кеттім" деп айтады, -деген ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Мистерионс" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Добавить комментарий