Күйеу жігітімен сүйіскен Айсәуле Бақытбек жұрттан сөз естіді (фото)

Источник: nur.kz

Айсәуле Бақытбек өз парақшасына күйеу жігітімен сүйісіп тұрған суретін жүктеп, елдің сынына ұшырады. Желідегілер танымал продюсер қызының бұл әрекетін ерсі санап, оған жағымсыз пікірлерді жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек сырға салу күні түсірілген фотоны Instagram желісінде жариялаған.

Жас келін суреттің астына "Өмірлік махаббатым" деп жазба қалдырған.

"Үйлендік деп жабысу міндет емес қой. Шетелге еліктеп жүресің үнемі" , "Басқаға ақыл айтқышсың. Енді істеп тұрғанын қара" , "Ұятсыз, кішкене болсын ұят қайда?" "Сені небір кішкентай қыздар оқиды. Берер тәлімінің осы болғаны ма?" деп жазуда көпшілік.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Айсәуле Бақытбектің сырға салуы дүркіреп өткен болатын.

Добавить комментарий