«Күміс тойын» шетелде тойлаған 31 арнаның бұрынғы директоры жұртты қызықтырып қойды

Источник: nur.kz

31 арнаның бұрынғы директоры Бағдат Қожахметов пен сүйікті жары Салтанат Қалиева "Күміс тойларын" Мальдив аралдарында атап өтті. Бұл туралы Салтанат Қалиева өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін жастарға үлгілі жұп саналатын телевидение саласының бетке ұстар тұлғалары осыдан 25 жыл бұрын отасқан.

Қазір олар бес баланың ата-анасы атанып, бір немере сүйіп отыр.

Елді таңдай қақтырған жұп "Қостанай-Қазақстан" арнасында танысқан екен. Ол кезде Салтанат жаңалықтар жүргізушісі болған.

"Жас жұбайлардың" мерейтойының салтанатын көрген жұртшылық оларға ақ тілектерін жаудырған.

"Күшті жұпсыздар. Бақыттарыңыз баянды болсын!", "Бақытты болыңыздар! Алла ұзақ ғұмыр нәсіп етсін!", "Құтты болсын қуаныштарың", — деп тіркелушілер құттықтауларын жазған.

Осы тілектерге Салтанат Қалиева да өз ілтипатын білдіріп, алғысын айтты.

«Аяғы жаман төрді былғайды. Аузы жаман елді былғайды». Әр басқан қадамдарымызға гүл бітсін, xалайық. Біздің қуанышымыза ортақ оқырмандар саны көбірек екен. Алла разы болсын сіздерге де әке-шеше, бауырларыңыз, дос жораларыңызғада. Кем дегенде осылай қартайыңыздар, тілектес оқырман қауым»,-деп жазды Салтанат Қалиева.

Добавить комментарий