Арман мен Аша Матайдың екінші сәбиін күтіп жүргені рас па?
Источник:
Арман Қоңыр өзінің шығармашылығына қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшілікті таңғалдырды. Әнші өзін толықтай өнерге арнаған жұлдыз ретінде санамайтынын айтты. Шоу-бизнес өміріне қатысты пікірімен ол "Ойбай life" бағдарламасына берген сұхбаты барысында бөліскен деп жазады NUR.KZ.
Бүгінде өзінен гөрі әйелі аса танымал болған Арман Қоңыр жұбайы екеуі де асқан шығармашылық адамы еместігін жасырмай жеткізді.
"Біз Аша екеуміз қатты кетіп қалған шығармашылық адамы емеспіз. Мен мысалы әнші ретінде күні-түні студияда уақытымды өткізіп, күнде дайындық деп қатты қуып кетпеймін. Шыны керек. Енді басқаларды қуып жүр деп айтпаймын. Мен өзім жеке басым осындай адаммын. Барлығын бірге алып жүргім келеді. Барынша тырысып та жатырмын" , — деді Арман Қоңыр.
Оған қоса, әнші екінші сәбилерін күтіп жүрмегенін де атап өтті. Айтуынша, ол көпшілік арасында тарап кеткен қауесеттердің бірі екен.
"Ашаның аяғы ауыр емес. Алайда, бәрі алдыда. Бұйыртса оны да көре жатармыз. Әрине балаларымыздың көп болғанын қалаймыз. Ол үшін жұмыс істеп жатырмыз" , — деп қорытындылады отандық жұлдыз.
Арман Қоңырдың сұхбатының толық нұсқасын Nur.tv — дағы "Ойбай life" бағдарламасынан көре аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Қоңырдың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.