Әбдіжаппар Әлқожа өзіне ренжіген Ернар Айдарға жауап берді

Источник: nur.kz

Осыдан біраз уақыт бұрын Әбдіжаппар Әлқожа Ернар Айдардың "Екеумізде бір жүрек" әнін "Кешірім жоқ" деп өзгертіп орындады. Өнердегі інісінің өзінен бір ауыз рұқсат сұрамай, әнін өзгетіп орындағанына Ернар Айдар өкпелеп қалған. Осы орайда әнші ренішін білдірген әріптесіне жауап берді деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Кеше екеуміз бір-бірімізді көріп қалған болатынбыз. Сәлеміміз түзу. Бәріміз бір пұшпақты илеп жүргендіктен, ешкімнің ешкімге өкпесі жоқ.Мен аранжировканы жасап қойғаннан кейін барып, жігіттер Ернардың ол әнді орындап шыққанын айтты. Дауыс жазып жүргенде, уақыт болмады. Аздап қателік жібердім. Ернарды үндемей жүре бере ма деп ойлағанмын", — деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Сондай-ақ әнші әннің әзірбайжанның әні екенін айтты.

"Ол әзірбайжанның әні. Сондықтан оған талас жоқ. Кезінде де бір әнді үш түрлі әнші орындап жүрді. Осының бәрін Ернар түсініп, "жабулы қазан жабулы күйінде қалсыншы" деп тұр. Мен де сондай ойдамын", — деп шымкенттік әнші көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап қайтарды.

Айта кетейік, осыған дейін Ернар Айдар өзінің әніне рұқсатсыз сөз жаздырған Әбдіжаппар Әлқожаның өзіне хабарласып, бір ауыз ескертпегеніне ренжігенін мәлім еткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдар мен Әбдіжаппар Әлқожаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Добавить комментарий