Егіз балаларды тәрбиелеп отырған отандық жұлдыздар кімдер?

Источник: nur.kz

Қазақ эстрадасында егіз балаларды тәрбиелеп отырған жұлдыздар жетіп артылады. Олардың кейбірінің ұл-қыздары бүгінде ержетсе, енді бірінікі әлі де бүлдіршен. NUR.KZ назарларыңызға қос қуанышқа бөленген өнер иелерінің тізімін ұсынады.

Дүниеге егіз ұлдарды әкелген аналардың тізімін әнші Бейбіт Сейдуалиева бастап тұр. Белгілі эстрада жұлдызы Тоқтар Серіковке Әлинұр мен Сағинұр атты егіз ұлдарды сыйлаған әнші биылғы жылы төртінші мәрте ана атанған еді. Жұлдызды жұп кенжелеріне Шаһнұр деген ерекше есім берген.

Ал музарттық Кенжебек Жанәбіловтің отбасында осыдан бірнеше жыл бұрын егіз қыздар дүниеге келген. Әншінің Карима және Калима атты қос қызы да бүгінде мектеп оқушылары.

Егіз қыздарды тәрбиелеп отырған тағы бір өнер иесі – Индира Расылхан. Адина мен Дарина есімді қос бойжеткен биылғы жылы мектеп бітірген.

Егіз қыздарды тәрбиелеп отырған тағы бір эстрада жұлдызы "Жебе" тобының бұрынғы әншісі Көркем Сейсенбек. Көркем мен оның жары Гүлдананың шаңырағында Әмина мен Фатима есімді бүлдіршіндер тәрбиелеуде.

Белгілі тележүргізуші Аружан Саинның да София мен Диана есімді егіз қыздары бар. Бір сұхбатында тележүргузуші қыздарының фортепиано, балет және тігін курстарына баратынын айтқан болатын.

Әнші Інжу де де егіз қыздарды тәрбиелеп отырғандығын көпшілік біле бермейді. Бүгінде эстрада жұлдызының қыздары үш жастан асқан.

Добавить комментарий