Желіде сүйіскен Аша Матай мен Арман Қоңыр қызу талқыға түсті

Источник: nur.kz

Instagram желісінде Аша Матай мен Арман Қоңырдың сүйісіп тұрған видеосы тарап кетті. Көпшілік отандық жұлдыздардың қылығын сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Бейнежазбада жұлдызды жұптың жаттығу залында жаттығу жасап жатқанын көруге болады. Тапсырма бойынша Арман Қоңыр 20 рет кеудесін көтеріп, артынан Ашаны сонша мәрте сүюге міндеттелген.

Желі қолданушылары көпшілік тамашалайтын бағдарламада сүйіскен жұпқа өз наразылығын білдірген.

"Екеуіне не көрінді екен???? Осылай жасау да мақтаныш болғаны ғой", "Оңашада ойнап- күле берсін, бірақ видеоға түспесе болмай ма?", "Өздері өнер адамдары. Әй, жарайды, қазіргі кезде таң қалмайтын болдық қой" деп жазуда желідегілер.

Добавить комментарий