«Келесі кім?»: «Кешью» қыздарымен сурет салған Айқын қызу талқыға түсті (фото)

Источник: nur.kz

Айқын Төлепберген "Кешью" тобының қыздарымен концерт кезіндегі суретін жариялап, елдің қызу талқысын түсті. Желідегілер аталмыш топтың бұрынғы әншісін екінші әйелі етіп алған өнер иесін аяусыз сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Айқын Төлепберген өзінің Instagram парақшасына "Кешью" тобының әншілерімен сурет саламын деп, елден оңбай сөз естіді. Желідегілер жас қыздардың ортасына тұрып алған шоу-бизнес жұлдызына қатысты керағар пікір жазған.

Олар Айқынның екінші әйелі Жұлдызбен арақатынасы осындай жиындар барысында басталғанын айтып, ендігі кезекте оның кіммен көңіл қосатынын болжаған.

"Тағы біреуін алсай Кешьюден", "Келесі кезекте кім? Кешьюдің қыздарынан топтама жасайын деген ғой", "Жұлдызбен де осындай фотолардан басталып еді бәрі. Байқа әйтеуір"."Көзі тоймайды осының. Үшінші әйелді осы топтан алса, таңғалмаймын" , "Осы Кешьюден үшінші қызды алайын деп жүрсің ғой, осы сен", "Енді Кешьюдің қай қызын әйел қылмақсың?" деп көпшілік кері пікірлерді жаудырды.

Айта кетейік, әншінің екінші жары Жұлдыз Өмірғали осы топтың бұрынғы мүшесі болған.

Тұрмыс құрған соң Жұлдыз танымал ұжымнан кетіп, бала тәрбиесімен айналысуда.

Еске сала кетейік, Айқын Төлепбергеннің әндерін біздің"Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар

Добавить комментарий