Мінсіз мүсінді сұлуларды құшақтап тұрған Димаш қызу талқыға түсті (фото)

Источник: nur.kz

Димаш Құдайберген "Әлем аруы — 2018" байқауында бақ сынайтын қыздармен суретке түсіп, жобаға қатысатын қазақстандық Екатерина Дворецкаяға қолдау білдірді деп жазады NUR.KZ.

Әнші сынға түскелі отырған бойжеткендермен түскен суретін Instagram парақшасында жариялады.

"Дайындықтамыз. Біздің қызға сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан", — деп жазды Димаш Құдайберген.

Жас әншінің байқауға қатысушы арулармен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті.

Димаштың жанкүйерлері тек жағымды пікірлерін аямай жаудырған болса, кей оқырмандар оның ашық киінген қыздарды құшақтап тұрғанын сынға алған.

Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Хайнань аралында өтетін "Әлем аруы-2018" байқауына Қазақстанның атынан қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады.

Сондай-ақ, бұл байқауда аты әлемге әйгілі болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ән шырқайды.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Добавить комментарий