Отандық бағдарламада қамыр жайған Мақпал Исабекова елді тәнті етті

Источник: nur.kz

"Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген Мақпал Исабекова жүргізушілердің талабы бойынша қамыр жайды деп жазады NUR.KZ.

Жүргізушілер қонақтарға дәстүр бойынша ойын ойнатты. Бұл жолы Қайрат Әбдікерей бойжеткеннің қандай келін болатынын тексеруді жөн көрген.

Мақпал Исабековаға бұл ойында Диана Қырықбай серік болған.

Ойын шарты бойынша, қыздар байлаулы көзбен қамырды үлкен, жұқа, домалақ етіп жаюға тиіс болады.

Мақпалдың қамыры өте жақсы жайылып, жүргізушілер мақтауды аямады.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Исабекованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Добавить комментарий